Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеше ғана келген сияқты едім": Бауыржан Байбек алматылықтармен қоштасты

Алматы қаласының экс-әкімі желідегі парақшасында тұрғындармен қоштасты, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

Бауыржан Байбек

«Құрметті, алматылықтар! Өзім туып-өскен қалаға күні кеше ғана әкім болып келген сияқты едім. Әне-міне дегенше 4 жыл да өте шықты. Осы уақыт ішінде мен сүйікті қалам Алматы үшін жұмыс істедім. Көптеген жобаны біз бірігіп жүзеге асырдық», - деді экс-әкім.

Әрі қарай Бауыржан Байбек өзіне қолдау білдірген жандарға алғысы шексіз екенін жеткізді. 

«Маған сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Қаладағының барлығын біз Елбасының қолдауымен жасап отырдық. Сондай-ақ, қосылған аумақтың инфрақұрылымын дамыту үшін метро салуды қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа да алғысым шексіз. Президент сайлауынан кейін мен қайта Алматы әкімі болып тағайындалған едім», - деді ол. 

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек алдағы уақытта партия жұмысын жақсарту үшін барын салатынын айтты. 

«Мен Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалдым. Маған үлкен жауапкершілік артылып отыр, осы үшін Елбасыға рахмет айтамын», - деп жазды Байбек. 

Естеріңізге сала кетсек, 28 маусым күні Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев болғанын хабарлаған едік. 


Алматы қаласының әкімі дауыс беруге отбасымен бірге келді
Талқылау