"Керек емес, бәрі бар": Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы көмек туралы ұсынысты естіп, жылап жіберген

Белгілі тележүргізуші, депутат Дана Нұржігіт көпбалалы отбасыдан шыққан баланың мектепте көмек туралы ұсынысты естіп, бас тартып, жылап жібергенін айтып берді. Бәрі үйдегі тәрбиеден деген журналист намысшыл ата-ананың балалары да намысшыл болып өсетінін жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дана Нұржігіт Instagram желісіндегі жазбасында Мақпал Сүлейменова есімді 5 баланың анасымен танысқанын айтты. Ол көпбалалы анадан үлгі алуға шақырды.

"Кеше ойда жоқта танысқан Мақпал Сүлейменованың 5 баласының біреуі менің ұлыммен жасты екен. Мектепте мұғалім: "Сен көп балалы отбасынан екенсің, сендерге киім, тамақ, жалпы, көмек керек пе? Айт!" - десе, үйге жылап келіпті. "Анашым, біз сізге көмек керек деп айттық па? Мектеп бізге киім, тамақ береміз деп жатыр. Керек емес деңіз! Бізде бәрі бар. Ұят болады", - деп намыстанып жылапты бала. 

Ол неге осыншама намысшыл? Өйткені ата-анасы намысшыл! Бәрі үйдегі тәрбиеден", - деп жазды журналист. 

Дана Нұржігіттің айтуынша, бес балалы ананың Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келгеніне бір жыл болыпты. Бүгінде медбике болып жұмыс істеп жүрген Мақпал сонымен қатар қосымша кішкентай балаларға массаж жасап табыс табады екен.

"Мақпалдың сөзінше, жұмыс істеймін деген адамға, "екі қолға бір күрек" қашан да табылады. Содан соң намыс жібермейді, дейді. Өзім жетпеген армандарға балаларым қол жеткізсін деп жолдасымыз екеуміз еңбектеніп жүрміз, дейді көпбалалы ана", - деп түйіндеді депутат.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...