БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кең жүрегің кірлемесін": Анна Данченко туған күнін дүркіретіп атап өтті

Белгілі журналист Анна Данченко Алматы төрінде туған күнін есте қаларлықтай етіп атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

Туған күнін аса қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген Анна Данченко мерекелік шараға ет жақындары мен шоу-бизнес өкілдерін шақырған. Жасына жас қосылып, қуанышын бөліскен тележүргізуші туған күн кешіне аса үлкен дайындықпен келген. Мерекелік образына да айрықша мән берген көрінеді.

"Ең бастысы - көйлек ыңғайлы әрі кең етекті болғаны маңызды болды мен үшін. Мен ашық-шашық киім кимейтінімді білесіздер, сондықтан көйлектің фасонын алдын ала ойластырдым", - дейді ол.

Тележүргізушінің мерекелік кешіне келгендердің ішінде шоу-бизнес өкілдерінің саны басым болды. Ақбота Керімбекова, Жігер Ауыпбаев, Әбдіжаппар Әлқожа және өзге де өнер жұлдыздары Анна Данченконың қуанышына ортақтасып, аруды құттықтай келді.

 

"Мен жақсы көретін Анна қыз, туған күнің құтты болсын. Әлемдегі бар бақытты тілеймін. Адами қасиетің, кең жүрегің кірлемесін. Арманыңа жете бер", - деп ақ тілегін білдірді Ақбота Керімбекова.

Осылайша жұлдыздардың құттықтаулары бірінен соң бірі жалғаса берді. 

"Туған күніңмен, алтын қыз! Денсаулық, бақыт. Күйеуге шық енді! Осы жылы болсын бұл жаңалық", - деп жазды Бүркіт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр