AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіспеймін": Дикий Арманның адвокаты Бас прокуратураның мәлімдемесіне қатысты наразылығын білдірді

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Чернов Бас прокуратураның мәлімдемесімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арман

"Мен бұл әрекеттермен келіспеймін. Берілген ақпарат жалпылама, дегенмен адамдарда Бас прокуратура өкілі атаған қылмыстардың барлығын Арман жасады деген ой қалыптасады. Барлық қылмыстық әрекеттерді ол істеді деп айту, меніңше, дұрыс емес. Ол бұл қылмыстарды жасады деп топшылауға ғана болады. Осы дұрыс болар еді. Ал сот нүктесін қояды", – деді Олег Чернов өз Instagram парақшасында. 



Қорғаушының сөзінше, күдіктінің жасаған әрекеттері туралы қаулы мен Бас прокуратураның мәлімдемесі бір-біріне сәйкес келмейді. 

"Мен қай ақпаратпен жұмыс істейін? Сіздер БАҚ өкілдеріне ұсынған ақпаратпен бе, әлде іс материалдындағы ресми ақпаратпен бе?" – деді ол.

Алдағы уақытта адвокат Бас прокурордың жеке қабылдауында болып, қылмыстық істегі негізгі бөліктерін талқыламақшы. 

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты тергеу материалдарын жариялаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр