"Келін болып қалар": Мақпал Жүнісова Әлішер Каримовтың жеке өміріне қатысты құпияны ашып қойды
ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Әлішер Каримовпен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эстрада жұлдызы елдің қызу талқысын тудырған фотоны жеке парақшасында жариялады.
Фотода Әлішер Каримовтың бейтаныс аруды құшақтап тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары бірден халық әртісін сұрақтың астына алды.
Көпшілік Каримовты құшақтап тұрған арудың кім екенін біле алмады.
"Әлішерді құшақтап тұрған қыз кім" деп сұрақ қойды желі қолданушысы. Мақпал Жүнісова әншінің қасындағы аруға қатысты пікір білдіріп, әріптесінің жеке өміріне қатысты құпиясын ашып қойды.
"Бұйыртса, келін болып қалар", – деп қысқа жауап берді әнші.
-
"Бетіме укол салдырамын": Әлішер Каримов пластикалық ота жасатқанын растады
-
"Гелендваген сыйлады": Әлішер Каримов Назарбаев әулетімен жақсы қарым-қатынаста болғанын жасырмады
Еске салайық, Әлішер Каримов өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтқан еді.
“Болашақ жарымның өнерден болғанын қаламаймын. Сосын қыздардың тым ашық киінгені ұнамайды. Тіпті әртістердің де ашық киінгені көзіме біртүрлі көрінеді. Шығыстың жігіті болғандықтан, әлі күнге дейін ұят санаймын. Ашық киініп сахнаға шығатын қыз-келіншектерді қабылдай алмаймын. Мен үшін қыз деген жұмбақ болуы керек”, – деген болатын өнер иесі.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты