Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кебек пен ұнды ажыратып алайық": Әскери азаматтар лаңкестік кезінде жазықсыз ұсталған тұрғындардың қудаланбау керегін айтты

Лаңкестік шабуылдар басталған кезден бері осы күніге дейін 10 мыңға жуық адам ұсталды. Ішкі істер министрлігі 388 қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау саласында ұзақ жылдар қызмет еткен генералдар бұндай аса қиын жағдайда тергеу мен тексеру өте жіті қадағалауды қажет етеді деп есептейді. Сонымен қатар әскери азаматтар полицияның бейбіт тұрғындар мен нағыз бүлікшілерді ажырата білетін тәжірибесі бар деп сенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

лаңкестік

Жазушы Дулат Исабеков қолға түскен содырлардың бет-жүзін ашық көрсетіп, жазықсыз жандардың қудаланып кетпеуіне аса мән беру керек дейді.

"Көшеге бейбіт шеру болады деп шықты халықпен бірге. Содан кейін басталды. Басталғанда бірен-саран адам қирату керек, тағы бір нәрселерді айтты. Соған жастар қосыла кетті. Бәріміз жас болдық, қан қызу. Сол жерде мынау дұрыс, мынау бұрыс деп шешім қабылдамайды. Осыны содырлар, террористер пайдаланды деп ойлаймын. Ал бұларды айтады шекарадан өтіп келді пәлен жүз адам деп. Олар қалай өтті шекарадан? Қазір жаңа үкіметке үш апталық уақыт берілді. Барлығын тексеріп, ағы мен қарасын ажыратуы керек", – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Сәт Тоқпақбаев. 

"10 мыңдай адам тұтқынға алынды деген үлкен цифрдан кебек пенен ұнды ажырата білейік, ұны қайсы, кебегі қайсы? Қауыз бен дәнді ажырата білейік. Біздің міндетіміз сол", – деді жазушы Дулат Исабеков.

"Мен құзырлы органдардың арнайы тактикасы бар деп ойлаймын. Олар тәртіпсіздіктер мен ұрлыққа қатысы бар азаматтарды, террористерді оқиға орнында болған жазықсыз жандардан ажырата алады. Бұзақылар барлығын қирату кезінде ізін жасыру үшін камераларды сындыруы мүмкін. Бірақ бейне бақылау камерасын сындыру кезінде ол суретке түсіп қалады және осы ақпараттар толығымен анықталуы керек", –  дейді Әділет генералы Сұлтан Кусетов. 

"Иә, расымен әр түрлі адамдар болды. Олардың ортасында көбіне қарапайым халық жүрді. Ал лаңкестер екі шетімен жүрген, қасқырлар дәлізін жасап, ешкімді шығармады. Әскерилер, сарбаздар мен офицерлер, курсанттармен қақтығысты. Олар шабуыл жылдам, ұйымдасқан түрде болды дейді. Сонымен қатар оқу атуға бұйрық болмаған", – деп мәлімдеді генерал-майор Махмұт Телегусов.

"Ең маңыздысы, лаңкестер өз шабуылдарын бастағанда болған. Іс-әрекеттің бағыты болған жоқ. Бізде барлық облыста антитеррорлық орталықтар бар. Олар тұрақты түрде жаттығады, бірақ осы сұрақтар соңына дейін қаралмаған секілді", –  дейді ҰҚК генерал-майоры Мұстафа Махамбет. 

Дулат Исабеков былай дейді: "10 мыңның ішінде шетелден келіп жатқандар көп деп жатырмыз. Солардың бетпердесін сыпырып тастап, тым болмаса он шақтысының, бес-алтауының түрін жұртқа көрсету керек еді және сұрақ қою керек еді: “Сендер кімсіңдер? Қай елдің азаматысыңдар? Сендерді бұл жаққа шақырған кім? Өз беттеріңмен келдіңдер ме, қару-жарақты кім берді?” деп. 

Талқылау