Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазір жылап отырмын": Назима бала күнгі арманын орындағанын айтып қуанды (видео)

Танымал қазақстандық әнші Назима бала күнгі арманын орындап, желі қолданушыларымен қуанышын бөлісті. Ол ата-анасына су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі. 

Назима

«Бүгін бала күнгі арманымды орындадым. Бала күнімде інім екеуіміз болған кезде ауылдан үлкен қалаға көшіп келген едік. Әкем жылуы жоқ пәтер жалдады. Біз киім мен күртемізді киіп алып ұйықтайтын едік. Май мен қара нан керемет тағам болып саналды: бірінші шайға батырып, кейін қант себебін едік. Әке-шешемнің біз үшін деп күн-түн демей жұмыс істеп келгенін көріп өстім! Жақсы киініп, тамақ ішіп, басқалар қатарлы өмір сүру үшін. Осыны жаза отырып жылаудамын. Мені мүсіркесін деп айтып отырған жоқпын, мен ешуақытта балалық шағымнан ұялып көрген емеспін. Бұл өмір маған көп нәрсе үйретті», - деді Назима. 

Әрі қарай әнші осындай дәрежеге әке-шешесінің арқасында ғана жеткенін айтты. Сондай-ақ, көкейінде бала күнінен жүрген арманын бөлісті. 

«Әке-шешем ешуақытта өмірге ренжіп көрген емес. Олар маған өмірде барлығына еңбекпен қол жеткізуге болатынын үйрететін. Бірде үлкен үй сатып алып, оны әке-шешеме сыйлаймын деп армандағаным есімде! Әрине, әзірге үй сатып алмадым. Бұл менің әке-шешеме жасаған титімдей ғана сыйым деп білемін. Әке, ана! Өмір сыйлап, тәрбие бергендерің үшін, махаббат пен қолдауларың үшін рахмет! Алла ұзақ ғұмыр мен мықты зорденсаулық берсн. Бүгін жәй ғана менің өмірге келген күнім емес. Бүгін бізде алғашқы сәбидің дүниеге келген күні. Яғни олардың отбасының құрылған күні», - деді әнші. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде Назиманың әрекетіне қарап сүйсінгенін жарыса жазды. Арасында қызғанышпен қарап отырғанын айтқандар да болды. 

«Алла ғұмырларын ұзақ етсін!», «Жарайсың, Назима! Мұндай екінің бірінің қолынан келе бермейді», «Еріксіз көзге жас алып отырмын. Мұндай қызды өсірген ата-ана бұл сыйлыққа әбден лайық» деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау