"Қазір олар биікте": Әзірбайжандық БАҚ футболдан Қазақстан құрамасының жетістігін жоғары бағалады
Әзірбайжандық БАҚ футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан құрамасының сәтті өнерін жоғары бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әзбайжандық БАҚ біздің футболшылардың жетістігіне жоғары баға берді.
"Осыған орай Қазақстан құрамасының ойыны айтарлықтай дәрежеге жеткен. Төрт матчта, үш жеңіс, 9 ұпай. Оның үстіне Сан-Мариноны (3:0) есебімен жеңгені сөзсіз нәтиже деп атауға болады. Данияны (3:2)есебімен өз алаңында және (3:2) есебімен Солтүстік Ирландияны (0:1) сырт алаңда жеңгенін айта аламыз. Біздің ұлттық құрама іріктеу кезеңінде көп жылдар бойы көрінбеді. Соңғы уақытқа дейін қазақстандық құраманы бізбен тең санап келген едік. Алайда қазір олар бізден біраз биікте. Біздің "милли" керісінше қадамдар жасап, алшақтықты одан сайын арттыруға мүмкіндік беріп отыр", - деп жазады БАҚ.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

