Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақтың киімін жалаңаш киіп қорлаған жоқпын": Роза Әлқожа орамал таққаны үшін кінәлағандарға жауап берді

Роза Әлқожа орамал таққаны үшін кінәлағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, соңғы кездері орамал тақтың деп кінә артатындарға жауап берді. Қазақтың киімін жалаңаш кигендерді сөккен ол Роза Бағланованы мысалға келтіріп, сынайтындардың сөзіне нүкте қойды.

"Мен біреулер сияқты қазақтың киімін жалаңаш киіп қорлаған жоқпын. Сондықтан арым таза.
Орамал таққаным үшін кінәлағандар "Орамалды" айтқаным үшін жақсы көргенін ұмытқандай.
Роза Бағланова апамыз ешқашан мойнын ашпаған екен. Басынан орамал да, бөрік те түспепті", - дейді Роза Әлқожа.

Алайда әнші өзінің Бағлановаға тең келмейтінін жасырмады. Шама-шарқы келгенше ұлттық болмысты насихаттағысы келген өнер иесі енді оқырмандардың пікіріне құлақ аспайтынын айтты.

"Ия, ол кісідей болу қайда?! Біздікі шама келген шаруа. Айта беріңіздер. Ауыр жаза беріңіздер. Содан сізге жеңіл болса, мархабат! Ахирет күнгі көршіміз дегендей діни әңгіме айтпай-ақ қояйын!" - деп жазды ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр