Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" бір уақытта Қазақстанның 8 қаласында цифрлық қауіпсіздік бойынша тренинг өткізді

“Қазақтелеком” 28 мамырда Балаларды қорғау мерекесіне арнап, "Цифрлық әлем" күні аясында еліміздің түрлі өңірлерінде мектеп оқушыларына цифрлық қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шарасын өткізді. Бұл бастама – еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылған, "Қазақстан балалары" жалпы республикалық жобасының бір бөлігі. 

"Балаларға цифрлық қауіпсіздіктің негізін жай ғана білу жеткіліксіз. Олар бұл білімді іс жүзінде қолдана алуы керек. Қауіпті түсініп, цифрлық кеңістікте дұрыс бағдар алып, заманауи сервистерді тиімді пайдалану дағдысы ерте жастан қалыптасады және өмір бойына сақталады", — деді "Қазақтелеком" Корпоративтік университетінің бас директоры Ақмарал Қадырбаева.

Іс-шара тек елордада ғана емес, сонымен қатар еліміздің жеті қаласында — Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау және Петропавлда өтті.

Формат оқушылардың жас ерекшелігі мен цифрлық сауаттылық деңгейіне қарай жасалды. Әсіресе, балаларда күнделікті кездесетін: әлеуметтік желілердегі, мессенджерлер мен онлайн ойындардағы қауіптер назарға алынды. Мұндай мысалдар оқушыларға цифрлық ортада дұрыс бағытты ұстанып, қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйретті.

Цифрлық қауіпсіздік тәжірибе арқылы қалыптасатын қолданыстағы дағды ретінде қаралады. Компания мамандары еркін форматта диалог жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Олардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай маңызды мәселелерге басымдық жасады. Балаларға жеке деректерін қорғап, төніп тұрған онлайн қатерді қалай анықтау керегін және интернетте өзін қалай қауіпсіз ұстау қажет екені түсіндірілді. Мұндай кездесулер балаларға тек маңызды білім беріп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық кеңістікте өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 18:53