БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтар өзін екінші сұрыптағы адам сезінеді: "Теңіз" кен орнындағы жанжалға не себеп болды

Теңіздегі жанжалдың шығуына не себеп болды. Саясаттанушылардың айтуынша, сырттан келгендердің құқығы мен мүмкіндігі жергілікті халықпен салыстырғанда көп.

Қазақтар өзін екінші сұрыптағы адам сезінеді:

Мамандар осы себепті алдағы уақытта да мұндай шиеленістер болады деп болжайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

"Соңғы жылдардағы осында жанжалдарды қарайтын болсақ, негізінен жергілікті жұмысшылардың құқығы тапталғаны себеп болды. Ал, сырттан келген жұмысшылардың мүмкіндігі зор. Қазақтар өзін екінші сұрып адамы секілді сезінеді. Оған жалақы мәселесі, өзіне де деген қатынасты атауға болады. Мынадай сұрақ туады. Адам капиталы, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыған мамандар деп жатамыз. Бірақ неге осынша жылдар ішінде өз кадрларымызды дайындай алған жоқпыз?", - деді саясаттанушы Досым Сәтбаев.

Мамандар жұмысшыларды шетелден әкелмей-ақ қара алтынды өз жұмысшыларымыз өндіре алатын күнге жеттік деп отыр. 

"Бұрын да жергілікті жұмысшылар мен шетелдік жұмысшылардың әлеуметтік теңсіздігі сақталмайтын. Жаңаөзендегі көтеріліске де сол себеп болды. Өз мамандарымыздың өсуіне, жоғары басшылыққа келуіне мүмкіндік беруіміз керек. Екі топтағы жұмысшыға екі түрлі еңбек шарты жасалып келді. Ондай заңбұзушылықтар елдегі заңда болмағанымен, іс жүзінде бар", - дейді зейнеткер мұнайшы, қоғам белсендісі Серік Сапарғали. 

Атыраудағы көтеріліс: Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео) >>>

Шетелдік жұмысшылардың жалақысы коммерциялық құпия деп жария етілмейді. Жалақысы шетелдегі есепшотына аударылады. Одан бөлек шетелдік мамандар көбіне басшылық қызметке келетін көрінеді. Осылайша еліміз миллиондаған қаражатты шетелге жіберіп бір ұтылса, мамандарды шетелден алдырдып екі ұтылалып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр