Қазақстанның үздік теннисшісі Азия құрамасының қатарына кірді
Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко үстел теннисінен өтетін Вальднер кубогінде Азия құрамасының атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
13-15 желтоқсан аралығында Норвегияда ардагерлер мен қазіргі үстел теннисінің әлем жұлдыздарының қатысуымен алғашқы Вальднер Кубогы өтеді. Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасының сапында өнер көрсетеді. Азия құрамасында сондай-ақ алты дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Вуджин, Лим Джонхун, Шин Юбин және Маника Батра ойнайды.
Әлем құрамасының сапында Халықаралық үстел теннисі федерациясы ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп таныған Ян-Уве Вальднер, Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадет Сёч өнер көрсетеді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады

