Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін

"Қазгидромет" мамандары еліміздің үш өңірінде қуаңшылық болуы екенін болжады  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

куаншылык 2022

“Жалпы қалыптасқан жағдайлар елдің солтүстігіндегі астық егетін өңірлер үшін қолайлы болады, алайда Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөліктерінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін. Бұл дамудың бастапқы кезеңінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін”, – делінген хабарламада.

Есептеулер көрсеткендей, көктемгі егіс жұмыстарының алдында Қазақстан аумағындағы егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі күтіледі: 

- оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында;

- қанағаттанарлық деңгей Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында;

- оңтайлы деңгей Жетісу және Түркістан облыстарында.

“Көктемгі егіс жұмыстары кезіндегі ылғал қоры туралы мәліметтер егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, дақылдарды себудің оңтайлы нормаларын анықтауда, тұқымдарды отырғызу тереңдігін таңдауда және тыңайтқыштарды енгізуде маңызды рөл атқарады, бұл соңында жалпы өнімнің сапасы мен шығымдылығына әсер етеді және өндірілген өнімнің өзіндік құнына әсер етеді”, – деді мамандар. 

Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының нақты болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді.

Талқылау