Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның көп бөлігінде күн суытып, қар жауады деп күтіледі

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады, жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -13...-15°C.

Алматыда күн бұлтты, қар жауады, жел 3-8, екпіні 13 м/с жетеді. Түнгі температура -4…-6°C, күндіз -1…-3°C.

Шымкентте күн бұлтты, қар жауады, жел 8-13, екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C.

Ақтауда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз нөлден -2°C-қа дейін.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -7...-9°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -9...-11°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, қар жауып, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -21...-23°C, күндіз -14...-16°C.

Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -23...-25°C, күндіз -14...-16°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...-3°C.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -5...-7°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -4...-6°C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -26...-28°C, күндіз -16...-18°C.

Петропавлда бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -7...-9°C.

Семейда күн бұлтты, қар жауып, жел 3-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -14...-16°C.

Талдықорғанда күн бұлтты, қар жауады, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -3...-5°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -4...-6°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -7...-9°C.

Өскеменде күн бұлтты, қар жауады, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -11...-13°C.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 21:51