Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

25-27 шілде аралығында еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы күтіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік-Батыс циклоны жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр тудыртып, еліміздің солтүстік бөлігінде ауаның температурасын төмендетіп Қазақстанның территориясына өз әсерін тигізуін жалғастыруда.

"Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, бұршақтың түсуі ықтимал. Тек батыста антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген Қазгидромет хабарламаcында.

25 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерде найзағай, дауыл. бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

26-28 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

25 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

25 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр