Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ғажайыптар үшін Құдайға рахмет": Әсел Сәдуақасова 17 жыл бұрынғы суретімен жұртты сүйсіндірді

Әсел Сәдуақасова ескі суретін жүктеп, жетістігінің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында "Дауыс International" тобының құрамында болған кездегі суретін жүктеген. Әсел Сәдуақасова 15 жасында  Алматыға көшіп келіп, өнер жолының қалай басталғанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. 

"17 жыл өтсе де, бәрі кеше ғана болған сияқты. 15 жасыңда Жетіқарадан Алматыға көшіп келіп, 17 жасқа толғанда, 10 сынып оқып жүріп Қазақстанның ең танымал тобына кастингтен өттім. Сол уақыттан менің шығармашылық жолым басталды. Менің өмірімде болған ғажайыптар үшін күнде Құдайға рахмет айтамын", - дейді актриса. 

Сонымен қатар, Сәдуақасова "Дауыс International" тобындағы қатарластарын да есіне алып, алғысын білдірді. 

"Бәріңді сағындым, қыздар. Керемет ән сапарларлар мен концерттер үшін рахмет. Керемет нәрселер көп болып еді", - деп жазды Сәдуақасова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр