Қазақстанның екі өңірінде оқушылар қашықтан оқуға көшті
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында 10 желтоқсанда қатты аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Қарағанды, Шахтинск және Теміртау, Саран қалалары мен Абай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.
Ал Бұқар жырау өңірінде мектеп оқушыларының барлығы қашықтан оқуға көшті. Сондай-ақ Қарқаралы, Нұра аудандары мен Балқаш қаласында 0-7 және 8-сынып оқушылары үйден оқып жатыр.
Риддерде 1 және 2 ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Алтай өңірінде де ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше мектептерде 0-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті:
- "Новокрестьянская ұлттық мектебі" КММ;
- "Харин атындағы бастауыш мектеп" КММ;
- "Крестовская Н.Ш." КММ;
- "Путинцевская орта мектебі" КММ;
- "Соловьевская орта мектебі" КММ;
- "Чапаев орта мектебі" КММ;
- “Бикетов атындағы орта мектеп" КММ.
Самар ауданында ауа температурасының минус 34 градусқа дейін төмендеп, Аққала мектеп-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де сабақтар онлайн өтіп жатыр.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі