Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жарияланды

Елдің бес аймағында дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Боран соғып, көктайғақ болады: Қазақстанның бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды

25 қаңтардан 26 қаңтарға дейін Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Жартылай тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавлда қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Алдағы күндері Қостанай облысында қар, боран, тұман, көктайғақ екпіні секундына 23-28 метрді құрайды.

26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.

Оралда синоптиктер бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжайды. Шығыс Қазақстанда олар қардың қалың түсуі мүмкін екендігін ескертеді. Жартылай боран, көктайғақ болып, жел соғады.

Ақмола облысында алдағы екі күнде қар жауып, көктайғақ болады. 26 қаңтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, 27 қаңтарға қараған түнде екпіні 23 метрге дейін жетеді.

Талқылау