Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады
1 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсерінен қар, жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 14-16 жылы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген