Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 желтоқсанда күндіз Нұр-Сұлтанда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысы мен Шымкентте кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 28 желтоқсанға қараған түні қар жауады. Тұман, көктайғақ және қардың соғуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан болады деп болжануда. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде бұрқасын болады.

Сол күні Ақмола облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде - боран, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Көкшетауда күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15 метрге дейін жетеді.

Өскемен, Риддер, Бұқтырма елді мекенінде 27 желтоқсанда сағат 21.00-ден 28 желтоқсан 21.00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

28 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтілуде. 28 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 28 желтоқсанда Петропавлда бұрқасынды боран болады деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Жамбыл облысында 28-30 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде тұман күтіледі. 28 желтоқсанда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, секундына 15-20 метр оңтүстік-батысқа ауысады.

Таразда 28-30 желтоқсанда кейде тұман түседі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр