Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері қар жауып, күн суытады

Синоптиктер 7-9 ақпанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы
“Қазгидромет” мамандарының мәліметінше еліміздің басым бөлігінде қар жауып, ауа температурасы төмендейді. 

9 ақпанда шығыста қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен батыста және шығыста түнгі уақытта температура 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Күндіз батыста 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендейді. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 12:40