Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа "Омикрон" штамына қатысты қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының "Омикрон" штаммы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарды қабылдаудың тәртібі бекітілген. Ол тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан, ертіп жүретін адамның ПТР анықтамасы болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан, авиакомпаниялардың экипаждарынан, Қазақстан аумағында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтардан басқалардың бәрі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтамасын ұсынуға міндетті.

"Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР анықтама көрсетуге міндетті", - деп жазылған қаулыда.

Ал халықаралық транзитпен өтетін жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 72 сағаттан кешіктірмей таңдалған ПТР әдісі бойынша COVID-19 тестісінің теріс нәтижесі бар сертификатты ұсынбаған жолаушылар рейске жіберілмейді. 

Соңғы 14 күн ішінде Австралияға, Бельгияға, Ұлыбританияға, Германияға, Египетке, Израильге, Италияға, Канадаға, Нидерландыға және Чехиядан Қазақстанға келген адамдар 7 күн бойы үйден оқшауланады.

Үйде оқшаулау карантині ПТР бойынша COVID-19 тестісінің теріс нәтижесі бар сертификаттың болуына және COVID-19 вакцинасына қарамастан жүзеге асырылады.

Құжат 2021 жылғы 3 желтоқсан 00:00-де күшіне енеді.

Талқылау