Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бас санитар дәрігері ораза ұстаушыларға кеңес берді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин рамазан айында қандай тамақ жеу керек екенін айтып берді.

Қазақстанның бас санитар дәрігері ораза ұстаушыларға кеңес берді

Бас дәрігердің айтуынша, жаздыгүні 20 сағат немесе одан да көп уақытта ораза ұстау адамның өзін нашар сезінуіне себеп болады, деп inAlmaty.kz-ке сілтеп  Stan.kz хабарлайды.

Дегенмен денсаулыққ кері әсер етпеу үшін тиімді ережелер бар. Таңертең сәресіде сұлы, бұршақ және күріш сияқты жоғары талшықты тағамдар жеген жөн. Бұл денеде қант пен тұзды қалпына келтіруге көмектеседі.

"Таңғы асқа төмен гликемиялық тағамдарды жеген жөн. Индекс төмен болған сайын тамақ қантқа тез айнала қоймайды. Бұл денсаулыққа оң әсер етеді", - дейді Бекшин. 

Дәрігердің айтуынша, ауыз ашарда 200-300 грамм су ішіп, құрма жеу керек. Соңынан тәтті жеміс жеуге болады. 

"Бірақ мен сіздерге айран немесе йогурт ішуге, екі бадам жаңғағын жеуге кеңес берер едім. Қышқыл тағамдардағы ақуыз қандағы қантты бір демде көтеріліп кетуінен сақтайды. Ал жаңғақ майы асқазанның жұмысын реттейді", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Бас санитар дәрігер газды сусындарды, кофе мен шайды аз ішуге кеңес береді. Оның орнына көптеп су ішу керек. Тәттіден де бас тартқан абзал. Тұзы аз тағамдар жеген дұрыс. 

Бекшин жүкті әйелдер мен 7 жасқа толмаған балаларға, қарияларға, диабет пен жүрегі ауыратындарға ораза ұстамауға кеңес береді. Сонымен қатар асқазаны ауыратындардың, жұқпалы ауруға шалдыққандардың ораза ұстамағаны жөн екенін айтты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр