Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөз салып, сезімін білдірткен жігіттер көп": Қазақстаннан шыққан кибер-қыз бір қолмен әлем подиумдарын қалай бағындырды

Басымызға іс түсіп, кедергіге тап болып жатсақ, күреспей жатып, беріле салатынымыз рас. Ал бұл әлемде ешнәрсенің мүмкін емес екенін сан мәрте дәлелдеп, көксегеніне жететін жандар өздерімен бірге біздер үшін үлкен сабақ алып жүретіндей. Солардың бірі жарымжан болса да, әлемді бағындыру қолынан келетінін дәлелдей білген, халықаралық деңгейде үлкен сұранысқа ие модель — Айман Молдабекова. Еуропа мен Түркияны бағындырып келе жатқан модель Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында протезбен өмір сүрудің артықшылығын, балалық шағы қалай өткенін және өмірін қандай жайт өзгерткенін айтып берді. 

Бәлкім біреу білексіз туылуды ғұмырының соңына дейін қайғы-қасіретіне балап шығар, алайда Айман кішкентай күнінен бастап ел қатарлы толыққанды  өмір сүруге мүмкіндіктері бар екеніне сенген. Бір қолмен үй жинау, тамақ пісіру, ыдыс жуу болашақ модель үшін қиындық пен күрделілік туғызбайтын тұрмыстағы қарапайым шаруалардың  қатарына кірді. "Жақындарымның, достарымның қолдауының арқасында сол кездегі қиындықтарды жеңіп шықтым. Протезі жоқтардан мықты екенімді түсініп едім, өзіме берер бағам да көтеріліп шықты (күліп)", — дейді бойжеткен. 

Дегенмен Айман ең алғаш рет алты жасында қолына киетін протезін көргенде көңілі құлазып, төбесінен жай түскендей күй кешіпті. Дәрігерлер жаңа қол жасап береді деп ойлаған кішкентай арудың резеңке, косметикалық әрі оңай бүлініп қалатын протезден әбден көңілі қалған. Ол кез-келген адамның қызығушылығын оятқан протезден қатты ұялды, оны көрсетпеуі үшін үстіне жазды күннің өзінде жеңі ұзын киімдер киіп жүрді. Алайда Айманның сөзіне сенсек, сырт көзден қысылғанымен балалық шағында құрдастары мен қатарластары ерекшелігін бетіне басып, кемсіткен емес. 

"Бала күнімде ешкім мазақтаған жоқ. Бірақ кей кездері ашуыма тиіп, жүйкемнің қытығын келтірген сәттер болды. Кейде ызаға булығып, басқа баладан "Саған не болған? Нені ойладың?" деп сұрағым келетін. Ал жалпы алғанда, тұйықмінезді бала болсам да, сыныптастарым протезіме бола ренжітіп, тиіскен емес", — дейді бойжеткен. 

Алғашында резеңке, сосын механикалық протезі жарамаған Айман 20 жасында 3D принтерден басылған протезге қол жеткізді. Модельдің "Гардеробымда протездеріме арналған сөре, оның үстінде протездердің елу данасы болса екен" деген арманы бар. Сұхбат барысында қара протезіне ғашық екенін жасырмаған Айман оны бір рет жоғалтып алып, ыңғайсыз жағдайға қалғанын да айтып берді. 

"Стамбулдағы конференциялардың соңында, бір жерде отырып, демалдық. Би билеп жатқанда бір кішкентай бала жүгіріп келіп, протезімді жұлып алған болатын. Мен ешнәрсе болмағандай кейіп таныттым. Сосын ата-анасы жүгіріп келіп, кешірім сұрады", — деді бойжеткен. 

Қазір Айман протезім сынып қалар не бұзылып қалар деп қорықпай, әлемдік деңгейдегі модель атанып, өзінің бала күнгі арманын жүзеге асырып жүр. Өмірінің түбегейлі өзгеріп, мақсатына жетуге көмектеске "Моторика" компаниясына алғысы шексіз екенін жеткізді.

"Сол жылдары мен модельдіктен қатты алыстап кеткен едім.  Ал "Моторика" мені Mercedes Benz Fashion Week Russia көрсетіліміне шақырғанда қуанышымда шек болмады. Никитаның (Никита Реплянский — инженер-дизайнер, ред.) айтқан сөздерінен өзіме деген сенімім оянды. Алматыда Владислав Корыстовпен таныстым, ол модельдікке қатысты дүниенің барлығын үйретті. Модельдіктің үлкен әлеміне жолымды ашты. Басында осы саланың үлкен әлеміне келгенде өзімді енді ғана қадам басуды үйреніп жүрген баладай сезінетінмін. Бүгінгі күні мен кезінде білмегенімді біліп, мазалаған сұрақтарға жауап алдым.

Қазір мен Түркиядағы стандартты емес модельдерден құралған агенттікте жұмыс істеймін. Нақтырақ айтқанда, бізде көпшілікпен мақұлданған, ортақ талаптарға сай келетін модельдер жоқ. Сәйкесінше, әріптестерімнің тарапынан бір қолымда протез болуыма байланысты қысым көрмеймін. Кейде жоғарғы стандарттарға сай модельдерді көріп қалғанда, модель деген осындай болады деумен комлекстерімнің оянып кететіні рас. Бірақ мен әлемнің өзгеріп бара жатқанын, керісінше ешкімге ұқсамайтын, дара тұлғаларға деген сұраныс пен қызығушылық жоғары екенін жақсы түсінемін", — дейді ол. 

Айман Түркияға сүйікті ісімен айналысуы үшін 2019 жылы келген. Сол елде украиналық фотографпен танысып, оның шақыртуы бойынша Стамбулдағы алғашқы фотосессиясын өткізіпті. Фотограф Айманды модель агенттігі бар құрбысымен таныстырып, сол агенттіктің моделі болып кетуіне септігін тигізді. 

Кейіпкеріміздің бойындағы ерекшелікті ескерген жұрт оны киборг-бойжеткен деп атап кеткен. Қазақстандық ару бұл сөзді жанына жылы қабылдайды. Сөз салып, сезімін білдірткен жігіттер саны жеткілікті болса да, Айманның жігітпен жүруге ойы жоқ екен. "Басынан-ақ өзіме киборг-қыз дегенге жылы қарайтынмын. Бұл сөзбен негативті эмоциялар ұштаспайды. Адамдардың мені осылай атағанын ұнатамын.  Соңғы рет екі жыл бұрын ғашық болғаным рас, бірақ біз көзқарасымыз сәйкес келмейтінін түсіндік. Әрине, сөз салатындардың саны басым. Бірақ қазір ешкіммен жүргім келмейді. Өз-өзімді дамытып, жан-жағымды әрі қарай зерттей бергім келеді", — дейді модель. 

Бала күнгі тұйық, жасқаншақ Айманға мүмкіндігі болғанда ол: Өмірден ләззат ал, сен дұрыс бағытпен жүріп келе жатырсың, өзіңе берік бол, — деп айтар еді. Бірақ кезінде өзіме төмен баға бермегенімде бүгінгі күнгі жетістіктерге жетпес па едім? — дейді ол. 

Айманның пікірінше, қазақстандық қоғамға, қазақстандықтарға өз өмірі үшін жауапкершілікті алу жетіспейді. Ол ерекше мүмкіндіктері бар жандарға көмектесу үшін қор ашқысы келеді. Ал қор ашу үшін Айманға жеке брендін дамыту қажет екен. Отандасымыздың көкейінде қатты танымал болсам деген арман жоқ. Дегенмен, ол модельдікпен танымалдықтың қатар жүретінін жақсы түсінеді. 


 

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көлікті 13 жасар бала айдаған: Ақтаудағы жол апатынан бір адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам жарақаттанып, оның біреуі өлім құшты

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев CNPC басшысына тапсырма берді

Президент қазақстандық үлесті арттыруға байланысты бірқатар міндеттер жүктеді

Сағатына 7 отбасы: Елімізде күніне 150 жұп ажырасады

Қоғам белсендісі: Тойда құдағиына қызын тапсырып, тәрбиелеңіз дейтіндерге қарным ашады

Мамандар: 6 айдан асқан сәбилер жұмыртқа, ет өнімдерімен қоса дәуірмендері бар көкөністер жеу керек

Соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған

Тыныс алуы нашар болды: Ер адам 20 жыл бойы мұрнына тіс өскенін байқамаған

Дәрігерлер науқастың мұрнынан тісті алып тастады

Қазақстандық банктер пайыздық мөлшерлемелерді қашан төмендетеді

Бұл туралы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты

"Көріп тұрып амандаспай өтіп кететін едік": Қызы Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы

Құралай Нұрқаділова әке мен қыздың арасына түсушілердің болғанын жасырмады

Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті саны шынымен киелі ме? Нумеролог түсіндіреді

Нумеролог әр адамның тағдырын айқындайтын санды қалай анықтауға болатынын көрсетті

Қазақстандықтар девальвацияға дайындалуы керек пе? Министр жауап берді

Министр девальвацияның ықтималдығы туралы мәселеге тағы бір түсініктеме берді

"Ұлыма "әкең террорист" деген сөз ауыр тиіп жүр": Сириядан оралған қазақтың әңгімесі

Ажмамбетов Жандос Сириядан шығу үшін адам басына 10 мың доллар сұрайтынын айтты
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр