Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дағдарыс болатынын сезіп, жылап отыр: 2019 жылы елімізде дағдарыс бола ма?

Ел тұрғындары ертеңгі күнге алаңдаулы. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай. Бұл бүгінгі жағдайға берілген жалпылама сипаттама емес. Әлеуметтанушылар ел ішіндегі қордаланған проблемаларды тұрғындардың өз аузынан естіпті. Сонымен, келер жылдан не күтеміз?

Қазақстандықтар кедейшіліктің кебін киіп, тапқан-таянғанымыз ішіп-жемнен аспай қала ма деп қауіптенуде

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Мысалы жалақы, зейнетақы өскенімен бірнеше пайызға, азық-түлік, коммуналдық төлем қымбаттайды. Жалақы көтерілсе де, олардың бағасы да көтеріліп жатыр».

«Мен мүгедекпін. Зейнетақым жетпейді. Бірақ жеткізуге тырысамын енді»

«Дағдарыс болайын деп жатыр. Ол солай. Көп кісілер сезіп жатыр. Жылап отыр. Бағамен не болып барады. Көтеріліп барады, көтеріліп барады. Дүкенде естиміз, жұмыста естиміз. Бар жерде сол. Білмеймін не болатынын», – дейді тұрғындар.

Ел нарығындағы баға – таразының басы сияқты. Бірде алай, бірде бұлай құбылуына әлемдік державалардың Ресейге салған санкциясы себеп болуда. Оның бізге қандай қатысы бар деуіңіз мүмкін.

«Бүкіл импорттық қатынастардың 40 пайызға жуығы, тіпті артығы біздің Ресей мемлекетімен арадағы экономикалық қатынасқа байланысты. Соған қарағанда бір үміт бір күдікпен қарайтыны ол ешқандай керемет жаңалық деп ойламаймын», – дейді экономист Дәуренбек Мәжитұлы.

Көпшіліктің көңілі неге күпті? Көшедегі самсаған валюта айырбастау пунктерінің күн сайын доллардың өскені жайлы жарыса жазғаны да халықтың қытығына тиеді екен. Қалтасында американың ақшасын уыстап салып жүрмесе де бұл түбі қымбаттауға әкелетінін былайғы жұрт жақсы біледі. Әлеуметтанушылардың пікірі осы.

«Тұтыну тағамдарының қымбаттауы, коммуналдық қызметтің жоғары болуы және табысының күнделікті шығындарын жаппауы. Осы мәселелер қазір халықтың көкейіндегі бір өзекті, толғандыратынбірден бір сұрақтар болып табылады. Осыған сәйкес келесі жылы бұл үрдіс өзінің жалғасын табуы әбден ықтимал», – дейді социолог Серік Бейсенбаев.

Ал ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы қазақстандықтарға сары уайымға салынып,  алаңдаудың еш негіз  жоқ деп сендірді.

«Рецессия болмайды, дағдарыс болмайды. Жоспарларымыз бар. Сондықтан біз дайынбыз», – дейді Тимур Сүлейменов.

Нарықтық қатынаста күн кешкен соң есікті тарс жауып, өзге елдерден алшақтап, ат басын қалаған жағыңа бұра алмайсың. Сенатор Әли Бектаев дағдарыстың дауылы көтерілмейді деп 100 пайыз сенімді айту қиын, дейді.

«Жалпы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыстар Қазақстанға әсер етпей қоймауы мүмкін. Қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ, одан дұрыс шығатындай мүкіндік алуға бізде жағдай бар ғой деп есептеймін», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.

Әлеуметтанушылардың сауалнамасы арқылы белгілі болған тағы бір мәселе  көпшілік кедейшіліктің кебін киіп, тапқан-таянғанымыз ішіп-жемнен аспай қала ма деген қауіптенеді екен. Бұл ретте экономист маман кез келген жұмыс орнындағы басшы мен қызметкердің жалақысы арасындағы алшақтықтықты мысалға келтіре отырып мынаны айтты.

«Жалақы мен еңбектің өнімділігі арасындағы экономикалық байланыс ол заңды түрде. Кім қанша көп шығарды, қандай сапада төленді оған міндетті түрде соншалықты адекватты жалақы төленуі керек. Өкінішке орай біздің нарықтық экономикаға өткендегі белгілі бір осындай қатынасты ұстап тұрмауымыз жалақы мен еңбек өнімділігі арасындағы алшақтыққа әкеліп тұр», – дейді экономист Дәуренбек Мәжитұлы.

Біздің қоғамның әлеуметтік оптимизмінің төмендеп келе жатқанына биыл 3 жылдың жүзі болыпты. Егер халықтың жайы түзелмесе, атқарушы билікке деген өкпе қара қазандай болып қала бермек. Бұл да сарапшылардың пікірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген

"Үйленгенде тойыма шақырамын": Димаш Құдайберген қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады

Әли Әмір: "Димаш аға бізбен футбол ойнап, қуаныш пен бақытқа бөледі"

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр