Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық қыз Қытайда өткен ғылыми-техникалық инновациялар конкурсында жеңімпаз атанды

Қазақстандық Любовь Дудченко Қытайда жасөспірімдер арасында өткен ғылыми-техникалық инновациялар байқауында бірінші орынды иеленді, деп жазады Stan.kz «КазРоботикс» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясының Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық қыз Қытайда өткен ғылыми-техникалық инновациялар конкурсында жеңімпаз атанды

33-ші ғылыми-техникалық инновациялар байқауы 14-20 тамыз аралығында Қытайдың Чуньцын қаласында өтті. Оған ғылыми жетістіктері бар 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Қазақстандық қыз Қытайда өткен ғылыми-техникалық инновациялар конкурсында жеңімпаз атанды

«Біздің елдің атынан «KazRoboProject-2018» робототехника бойынша республикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауының жеңімпазы Любовь Дудченко қатысып, бірінші орын алды»,-делінген хабарламада.

Қазақстандық қыз Қытайда өткен ғылыми-техникалық инновациялар конкурсында жеңімпаз атанды

Ақпаратқа сүйенсек, отандасымыз байқауға демеушілік көрсеткендерден екі арнайы номинация алған. Қытайды бағындырған қазақстандық қызға танымал қытайлық ғалым Гао Шичи қорының ақшалай жүлдесі, сондай-ақ Чуньцын қаласындағы «Sanray» компаниясының ақшалай жүлдесі берілді.

Қазақстандық қыз Қытайда өткен ғылыми-техникалық инновациялар конкурсында жеңімпаз атанды

Қатысушының демеушісі «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр