Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футбол клубы Семейде ibis қонақүйін ашпақ

16 желтоқсанда Accor қонақүйлер тобы "Елімай футбол клубымен жаңа ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, оның аясында Семейде ibis қонақүйін салу жоспарланып" отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Accor

100 бөлмелі жаңа қонақүй 2027 жылы ашылмақ. Қонақ үй құрылысына мейрамхана, бар, іскерлік және қоғамдық шараларға арналған залдар мен фитнес-орталықтар кіреді. Қонақүй Ертіс өзенінің жағасында, Семей халықаралық әуежайының жанында орналаспақ. 



Accor қонақүйлер тобының мәліметінше, "франчайзингтік келісімге  "Елімай" футбол клубының басшылығымен қол қойылды. Қонақүй үлкен спорт кластерінің бір бөлігі болады. Оған толық өлшемді футбол алаңы мен жабық арена кіреді.

Қазір Қазақстанда Accor open-ға тиесілі әртүрлі брендтегі 13 қонақүй бар.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубының соңғы 6 жылда мемлекеттен 50 миллиард теңге алғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 15:04