Қазақстандықтарға eGov сайты техникалық жұмыстарға байланысты жұмыс істемейтіні ескертілді

Фото: Egov.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін eGov сайтында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Портал 2025 жылғы 26 cәуір сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін істемейді.
“Осыған байланысты, барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ пайдаланушының eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ шығарылған және бұрын цифрлық құжаттар пайдаланылған болса, ол құжаттарды офлайн-режимде қолдануға болатынын айтты. Ол үшін телефонды ұшақ режиміне ауыстырып, қосымшадағы цифрлық құжаттарды ашып, тіркеу орнында QR-кодты көрсету керек.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі eGov-тың жаппай істен шығуына қатысты түсініктеме берген еді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"