Қазақстандықтардың ЖСН нөмірі жоқ паспорты жарамсыз ба? ІІМ жауап берді

ЖСН нөмірі жоқ паспорттарды қайта ауыстыру керек пе? Паспорт ауыстыруда кімдерге жеңілдіктер жасалады? Бұған ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

pasport

Желі қолданушысы паспорт ауыстыруға қатысты қиындықтарды айтты. 

"76 жастағы қария пойызға билет алуға барды. Белоруссияға бармақ болған. Оған құжатын рәсімдеу кезінде паспортта ЖСН-і жоқ екенін айтады. Жаңа паспорт жасату керек деп талап етеді. Алайда паспортының мерзімі аяқталмаған. Билет жақын күнге алынғандықтан жеделдетілген түрде паспортын жасау туралы айтады. 

Қария ашуын баса алмай балағаттай бастайды. Біздің де жасаған паспортымызда ЖСН нөмірі жоқ. Бізге де қайта жасатуға тура келеді. Оның өзі 54 мың теңгеге шығады. Сонда әр нәрсе тауып, ақша жасап отыра бере ме? Бір ақымақ бас отырып, алып елдің басын қатырып отыр", - деп жазды желі қолданушысы Elena Gutsu.

Бұған ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті басшысының орынбасары жауап берді.

"ҚР 2013 жылғы 29 қаңтардағы "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" бабына сәйкес" паспорттағы қалыптастырылған сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылып, қайта ауыстыруға тура келеді. 

2017-2013 жылдар аралығында бұрынғы берілген құжатты қайта рәсімдеу бюджет есебіненен жүргізілді. 2015 жылғы 10 сәуірдегі ІІМ бұйрығына сәйкес, құжатты рәсімдеу ақылы жүреді. 

ҚР азаматтарына паспорт үшін 8 АЕК, жеке куәлік үшін 0,2 АЕК көлемінде баж салығы алынады. Кеңес Одағының батырлары, социалистік еңбек ері, үш дәрежелі Даңқ ордані және Еңбек даңқы, "Алтын қыран", "Отан" орданімен марапатталғандар, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның еңбек ері" атанғандар, "Батыр ана", "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелері мемлекеттік баж салығынан босатылады. 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, тылдағы қажырлы еңбегімен әскери қызметі үшін КСРО орденімен, медалімен марапатталғандар, соғыс жылдарында 6 ай көлемінде жұмыс істеп, КСРО орденімен, медалімен марапатталмағандар, мүгедектер, мүгедек баланың  ата-анасы, әлеуметтік мекемеде тұратын қарттар, балалар үйінде тұратын балалар, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен балалар салықтан босатылады. 

Құжат 1, 3, 5, 7 күнде жасалады. Елорда мен Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында азаматтар 4 983 теңге төлеп, құжатты бір күнде ала алады. 2 252 теңге төлеп, 3 күнде алады. Басқа өңірде 2 252 теңге төлеп, құжатты 5 күнде алады. 4 983 теңге төлеп, құжатты 3 күнде ала алады. 7 күнде алу үшін 1 116 теңге төлейді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...