Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар вакцинация паспортының қағаз нұсқасын қалай ала алады

Алматыдағы 36-шы емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілеген вакцинация төлқұжатының қағаз нұсқасын қалай алуға болатындығын және бұл жүйе не себепті енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігердің айтуынша, қағаз нұсқадағы вакцинациялау құжатына арнайы QR код басып шығарылады.

"Бізде 65 жастан үлкен адамдар, созылмалы аурулары бар және диспансерлік есепте тұрған адамдар көп. Көптеген адамдар смартфонды пайдалануды білмейді, кейбіріне тіпті телефон жоқ. Мұндай адамдарға қағаз жүзіндегі вакцинация куәліктері көмекке келеді", - деді Гүлжанат Тілеген.

Қағаздан анықтама алу үшін азаматтар вакцинация пунктіне немесе емханаға жүгінуі керек.

Паспорттың қағаз түрі "Вакцинацияның бірыңғай базасы" арқылы беріледі. Бұл мәліметтер базасында медициналық мекеменің қызметкері адамның ЖСН енгізіп, вакцинация туралы қажетті мәлімет табла алады.

"Логин мен парольге ие дәрігер немесе мейірбике қызметкерлері ғана мәліметтер базасына қол жеткізе алады", - деді дәрігер.

Қағаздан жасалған вакцинация паспорты QR-кодпен рәсімделеді, оны сұраныс орны бойынша кіре берісте сканерлеуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері халықты вакцинациялауға қатысты жаңа қаулыға қол қойғаны белгілі болды.

 

Талқылау