Қазақстандықтар Түркияға 3 миллион долларға жуық қайырымдылық жасады
Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия үшін үш миллион долларға жуық қаржы жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда соңғы 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету шотына жиналған 1 миллион 28 мың 706 доллар көлеміндегі қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион 849 мың 836 долларды құрады. Алғыс білдіреміз!", - делінген Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарламасында.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі жойқын жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген