Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қай вакцинаны алғаннан кейін жиі көз жұмғаны айтылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай вакцинадан кейін қанша адам қаза тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

"2021 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында вакцина алған азаматтардың арасында 930 өлім-жітім тіркелді. Ал вакцина алмағандардың арасында 13 165 адам көз жұмды. Өздеріңіз де айырмашылықтың 16 еседен жоғары екендігін көріп отырсыздар. Вакцинация алмағандардың арасында өлім-жітім өте көп", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Оның нақтылауынша, "CoronaVac" екпесін алған 47 адам, "Спутник V" вакцинасын алған 681 адам, "Hayat-Vax" екпесін алған 75 адам, "Vero Cell" вакцинасын салғызған 2 адам , Vero Cell Sinopharm-ды ектірген 33 адам және инактивтелген Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын алған 36 адам COVID-19-дан көз жұмған. Ал QazVac-ты салдырған 27 адам коронавирустан көз жұмған. 

Ал денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның 1 және 2-компонентін алғаннан кейін 40 734 адам вирусты қайта жұқтырып алғанын айтады.

Талқылау