БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-де әлемдік рекорд орнатты (видео)

Лас-Вегасте жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Додада қазақстандық Сайхан Тайсуев алтын жүлдені иеленді.

Сайхан Тайсуев

Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зілтемірші 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ол қорытынды бойынша 288 келіні еңсерді (127+161). Оның активінде «кіші» алтын жүлделер де бар.

Сонымен қатар, Тайсуев өзінің жас дәрежесінде жұлқи көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатып, екі жаттығу нәтижесінде әлемдік жоғары нәтижені қайталады.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр