Қазақстандық желаяқ Азия чемпионы атанды
Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 400 метр қашықтыққа жүгіру сайысында қазақстандық желаяқ Элина Михина жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Элина Михина 400 метр қашықтықты 54,07 секундта жүгіріп өтті.
Ал дәл осы қашықтықта ерлер арасында бақ сынаған қазақстандық Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Ол финалдық жарыста Катар өкілі Аммар Исмаил Яхья Ибрахимге есе жіберді.
Қазақстан құрамасына тағы бір жүлдені жеңіл атлет Ақбаян Нұрмамет салды. Ол 1500 метрге жүгіру сайысында мәреге үшінші болып жетіп, қола жүлдегер атанды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының сапында 3000 метрге жүгіруден сынға түскен Каролин Чепкоеч Кипкируи алтын медалді жеңіп алса, Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлдені иеленген еді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында Азия чемпионатының екінші күнінен кейін 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген


