Қазақстандық жанкүйерлер Шавкат жарысқа шықпай тұрып UFC өкілдерімен төбелесіп қалды
Қазақстандық жанкүйерлер мен ең танымал аралас жекпе-жек промоушнінің өкілдері арасында жанжал болды. БАҚ төбелеске UFC жекпе-жекшілері Деннис Бузукья мен Мераб Двалишвили қатысқанынан жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Оқиға Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде, қазақстандық Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иан Гэрримен кездесу алдында болған. Дереккөздерге сенсек, кейбір жанкүйерлер 30 жастағы қазақстандыққа айғайлап, жеңіліс тілеген. Бұл жағдай фанаттар арасында жанжалға әкелген.
Келеңсіз жағдай арасында Алджамейн Стерлингке секундтық қызмет көрсеткен UFC жекпе-жекшісі Деннис Бузукья және ең жеңіл салмақ категориясының чемпионы Мераб Двалишвили бар. Сондай-ақ Атырау облысының күрес федерациясының президенті Арман Тугаев та жанжалда болғаны хабарланды.
Айта кетейік, Тугаев 2022 жылдың жазында Хабиб Нурмагомедовтың досын қолдап, полицейді итеріп жібергені үшін 15 күнге қамалған еді. Әлеуметтік желілерде Тугаев төбелесте болғанын растады және "ол үшін ештеңе болмағанын" атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен турнирде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, келесі титулға таласу мүмкіндігіне ие болды. 30 жастағы қазақстандық (18-0) пен 27 жастағы ирландиялықтың (15-0) кездесуі UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болды. Турнир АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті. Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек UFC 310 турнирі аясында өтті. Бұл кездесу 5 раундқа созылып, Рахмонов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты