Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Зарина Диас кортқа оралуға дайындалуда

Қазақстандық теннисші Зарина Диас жарақатынан айығып, жаттығуға кіріскенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол теннистегі мансабы әлі аяқталмағанын ескертті.

"Өздеріңіз білесіздер, былтыр менің денсаулығым нашарлап, иығымнан жарақат алған болатынмын. Үзіліс жасауға тура келді. Бірақ қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Мен Италияда жаттығуды бастадым. Емімді де жалғастырамын. Турнирлерді, теннисті, жанкүйерлерді қатты сағындым", - деді теннисші.

Өткен жылдың маусым айында Зарина Диас денсаулығына байланысты Уимблдонға және 2022 жылғы қалған турнирлерге қатыса алмайтынын мәлімдеді. Ол кортқа 2023 жылы оралатынын атап өтті.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 10:25