Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Сауд Арабиясында өткен турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Даммам қаласында өткен халықаралық турнирде 17 жастағы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. Турнир барысында ол жарыс қожайындары Муртадха Абу Абдулла, Абдулал Альхамис, Али Альтахер, үндістандық спортшылар Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.

Айта кетейік, Астанада 6-13 қазан аралығында үстел теннисінен өтетін Азия чемпионатына Алан Құрманғалиев та қатысады. 

Талқылау