Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінде әлемнің 19-ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Чжэн Циньвэньді жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Юлия Путинцева

Қытайлық теннисшіге қарсы ойын 2 сағат 26 минутқа созылған. Матч қорытындысы бойынша Юлия 6:3, 4:6, 6:2 есебімен басым түсіп, сенсация жасады. 

Ойын барысында отандасымыз 1 рет допты асыра беріп, 7 рет брейк-поинтты жүзеге асыра алды. 

Алдағы уақытта америкалық Слоан Стивенс пен ресейлік Варвара Грачева жұбында жеңіске жеткен спортшы Путинцеваға қарсы ойын өткізеді. 

Талқылау