Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК 

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші бразилиялық Карлин Мартинешті 6:1, 6:3 есебімен ұтқан отандасымыз екінші айналымда да испаниялық Виктория Гоместен дәл осындай есеппен басым түскен еді. Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Құламбаева Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жеткен еді.

Даурен Түлкібай
Жұма, 13 Қыркүйек, 2024 09:09