Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Германияда өткен турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Кобленцте өтіп жатқан "челленджердің" бірініші айналымында жеңіліп қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

денис евсеев

Евсеев Ұлыбритания теннисшісі Ян Хойнскиге қарсы ойнап, үш сетте 4:6, 6:1, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін қазақстандық спортшы германиялық Том Генч пен Беларусь спортшысы Егор Герасимовты жеңген. Германияның Кобленц қаласында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 118 000 еуро.

2023 жылдың басында Денис Евсеев Нонтхабури (Тайланд) қаласында өткен "челленджерге" қатысып, алғашқы айналымның екі матчында да жеңілген. 

Талқылау