Қазақстандық теннисші Францияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисі Денис Евсеев Франция өтіп жатқан "Челленджер" жарысында жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың негізгі кезеңіне шығу үшін Денис Евсеев өзге қазақстандықпен күш сынасты.
"Денис Евсеев Шербур (Франция) қаласындағы "Челенджер" сериясының турнирінде отандасы Бейбіт Жұқаевты 6:7 (4:7), 7:6) (8:6), 6:4 есебімен жеңіп кетті", - делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстанның №1 ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланды) өтіп жатқан АТР 500 турнирінің екінші айналымына өте алмаған еді. Екі сет қорытындысы бойынша ол швейцариялық Стэн Вавринкке 6:7 (5:7), 4:6 есебімен есе жіберді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

