Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тасжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салу ұсынылды

Қазақстанда «орташа жылдамдық» түсінігін енгізу ұсынылды. Енді республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдық есептеліп, жылдамдықты асыру жағдайлары автоматты түрде анықталатын болады. Бұл туралы ҚР ІІМ полиция аға инспекторы Ақтоты Боранова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтоты Боранованың сөзінше, бұдан былай автокөліктердің орташа жылдамдығы есептелетін болады. Ол бүгінде аталған жүйенің заңмен реттелмегенін атап өтіп, «орташа жылдамдық» түсінігін енгізу ұсынылғанын айтты. 

Полиция аға инспекторының айтуына қарағанда, жылдамдықты тіркеу жүйелері қалаларда ғана белгіленген жерлерде орналасқан. Сондықтан республикалық маңызды бар жол жолдардың тексерусіз қалады екен.

«Көлікпен белгіленген жерлерде ғана жылдамдықты төмендетіп, әрі қарай жылдамдықты қайтадан асырмау мәселесі қарастылмаған. Осы себепті көліктердің орташа жылдамдығын тасжолдарда, республикалық маңызы бар жолдарда А пунктінен Б пунктіне жеткенге дейінгі белгіленген жылдамдықты сақтауын қадағалау үшін, аталған түсінік енгізілмек», - дейді Боранова.

Аға инспектор түсіндіргендей, орташа жылдамдықты белгілеу мақсатында автокөлік шыққан кезде оның мемлекеттік белгісі, шыққан уақыты тіркелетін болады. Мұнан кейін Б пунктіне дейінгі жол ұзақтығы оның уақытына бөлінеді.

Егер автокөлік белгіленген жылдамдықты асыратын болса немесе белгіленген уақыттан ерте келетін болса, жүйе оның жылдамдықты асырғанын автоматты түрде анықтайды.

Боранова орташа жылдамдықты асырғандардың әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылатынын мәлімдеді.

Талқылау