Соңғы жаңалықтар

"Қуанғандай кейіп таныттым": Қазақстандық танымал әзілкеш тұңғышы туарда неге өтірік айтқанын түсіндірді

Ресей мен Қазақстандағы ең танымал әзілкештердің бірі Нұрлан Сабыров қазіргі таңда сүйікті жарымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Көпшіліктің ыстық ықыласы мен махаббатына бөленген отандасымыз 21 жасында әке атанған соң, өмірін түбегейлі өзгерту туралы шешім шығарған екен. Ол әйелінен алғаш рет әке атанатынын естігенде жүрегі жарылып кете жаздап, қуанғандай кейіп танытыпты. Бұл туралы әзілкеш ресейлік журналист Юрий Дудьке берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзілкеш әке атанатынын университетте білім алып жүрген кезде, сабақта отырғанда білген екен. 

"Баланы жоспарламадық. "Екі сызық", — деген SMS келгенде мен универде болдым. Абдырап қалдым. Бірінші кезекте көкейіме ата-анам мұны қалай қабылдар екен  деген ой келді. Сосын өмірім  туралы ойлана бастадым. Оған (жүріп жүрген қызына — ред,) қоңырау шалып, барлығы жақсы екенін айттым. Сабырға шақыру үшін қуанғандай кейіп таныттым. Өзімнің жүрегім сол мезетте жарылып кете жаздады. Бірден: Қалай ақша табамын? Ата-анама қалай түсіндіремін? Үйлену тойды қашан жасаймын?" - деген үш басты сұрақ пайда болды, — дейді Сабыров.  

21 жасында әке атанамын деп ойламаған Сабыров Екатеринбург қаласындағы  оқуын тастап, сүйіктісінің ата-анасына мән-жайды түсіндіру үшін Қазақстанға, Нұр-Сұлтанға келген. Болашақ қайын атасы мен енесіне қыздары Дианаға қамқор болатынын айтып, сөзіне сендірген екен. Сондай-ақ, отандасымыз ата-ана болу жауапкершілігі мойнына аз ғана уақыттың ішінде артылатынын түсінген соң жақсы табыс әкелетін жұмыс іздей бастапты. "Жүргізуші болып жұмыс істедім. Бариста болып істедім, бірақ бірнеше күннің ішінде-ақ бұл жұмыспен отбасымды асырай алмайтынымды түсіндім", — дейді ол. 

Өмірінің сол кезеңін есіне алғанда Сабыровтың езуіне еріксіз күлкі үйіріледі. Ол ғашығы Дианамен шаңырақ көтеретінін, одан бала сүйгісі келетінін қыз бен жігіт болып жүріп жүргенде жақсы білген екен. 

"Негізі, мен ерте ме, кеш пе, онымен бірге балалы болатынымды білдім. Бір күн бұрын түсініп едім, SMS келді. Қиын болды. Үйлену тойы жүктіліктің бесінші-алтыншы айында болды. (...) Тойдан кейін келесі күні Екатеринбург қаласына жұмыс істеуге кетіп қалдым", — дейді әзілкеш. 

Сабыров, некеге отырып, арада аз ғана уақыт өткен соң, ажырасып кететін жұптарды ескеріп, сол жылдары барлығы ойдағыдай болғанын, берік жаняұның іргесін қалағанына қуанатынын айтты. 

Нұрлан Сабыров студенттік шағында  Орал федералдық университеттің командасында өнер көрсеткен. Қазір ол ТНТ арнасындағы Stand UP жобасының және "Что было дальше?" деген Youtube-жобасының тұрақты қатысушысы. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Төбелесте тағы екі жасөспірім пышақ жарақатын алған

Түркістан облысында жас жігіт 15 жастағы қызды алып қашып, зорлап тастаған

Сот жігітті 11 жылға бас бостандығынан айырылды

"Күлкі дегенді ұмыттық. Өзіме келе алмай жүрдім": Нұрлан Еспанов әйелі қатты ауырған күндер туралы

Әнші әйелін емдетуге ақша беріп көмектескен достарына алғыс айтты

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған
Çàãðóçêà...