Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық суретші Димаш пен GGG-дің мінсіз портретін салып, шоу жасады (видео)

Қазақстандық суретші Әсел Бекжан елімізге танымал тұлғалардың мінсіз портретін салып, оны видео-презентация ретінде халыққа ұсынуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Instagram: assolyaa

Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин, Батырхан Шүкенов, Джах Калиб, Жанар Дуғалова сынды өнер және спорт майталмандары Әселдің қаламынан туған портреттеріне арқау болды. 

Жас суретші жұлдызды тұлғалардың суретін салып қана қоймай, олардың әрқайсысының болмысы мен жетістіктерін ескере отырып, бейнебаян түсірген. 

Димаш Құдайбергенге арналған портретті суретші табиғат аясында, халық әні "Самалтаудың" сүйемелдеуімен ұсынған. 

"Джо Байденді ұлықтау рәсімінде Димаш Құдайбергеннің орындаған әні мені осы картинаға шабыттандырды", – деп ағынан жарылды Әсел. 

Суретші аталған портретті Димаштың өзіне тарту етуді армандап жүр. 

Әсел Геннадий Головкинге арнаған портретінен нағыз "Big drama show" жасады.

"Оның энергиясы, мінезі мен жеңіске толы көзқарасы мені шабыттандырды. Ол әрдайым "Big drama show" жасайды, мен де дәл сондай эффектілі видео жасауға тырыстым", – дейді суретші. 

Әсел даңқты GGG-ге арнаған портретіне 120 сағат, ал музыка әлемінің "патшасы" Батырхан Шүкеновке арнаған туындысына 140 сағат жұмсағанын айтады.

"Оның артында қалған шығармашылығы мен музыкасы мәңгі", – деп жазды ол Шүкенов жайында. 

Талқылау