Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық конькиші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундтты бағындырды. Күміс медаль Нидерланд спортшысы Пиен Херсманға бұйырса, үздік үштікті   итальяндық Серена Пергер түйіндеген.

Сонымен қатар, Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дәл осындай қашықтықта жастар арасында жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті.

Жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысуда. Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы 5 ақпанда аяқталады.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 04 Ақпан, 2023 19:45
Талқылау