Қазақстандық спортшы қыз жауынгерлік самбодан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Астанада жауынгерлік самбодан өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан жерінде самбо спортынан екінші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатында Нұрила Асанқызы әлем чемпионы атанды. Отандасымыз ересектер арасындағы әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан әйелдер арасында топ жарды. Аса ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен жұыдырқтасып, 7:4 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, әлем біріншілігіне 80 елден 470 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға жайғасып, 10 жыл бұрынғы жетістігін қайталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

