Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық спортшы Михаил Литвин 400 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының келесі кезеңіне өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 47,15 көрсеткіште келді. Енді сенімді түрде үздік үштік пен медаль үшін таласатын болады.

Сонымен қатар 400 метрге жүгіруде Қазақстан құрамасының спортшылары Элина Михина мен Александра Залюбовская тамаша нәтиже көрсетті. Олар да іріктеу кезеңінен өтіп, жүлделеріне сенімді қадам басып келеді.

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі 10-шы Азия чемпионаты басталған болатын. Мұндай деңгейдегі чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр және оған әлемнің 31 елінен 359 спортшы қатысуда.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 10 Ақпан, 2023 14:28