Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық нысана көздеушілер Азия Кубогында 2 алтын жеңіп алды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия Кубогында нысана көздеуден Қазақстан құрамасы 3 жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Жекелей сында Юрий Юрков алтын жүлдені ұтты. Дәл осы бәсекеде Никита Шахторин қола жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ командалық сайыста Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Бұл бәсекеде ел намысын Константин Малиновский, Юрий Юрков пен Никита Шахторин қорғады.

Бұған дейін, қазақстандық спортшылар Тайландта өтіп жатқан бәсекеде 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді. Әзірге Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша жалпы есепте 1-орында тұр.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 18 Ақпан, 2025 11:36