Қазақстандық құтқарушылар Түркияда қирандылар астынан үш адамды алып шықты
Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар Газиантептегі нысандардың бірінде үйінділер астынан 3 адамды тірідей шығарып алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан скриншот
Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған деректерге сәйкес құлаған 9 қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қария мен екі жігіт құтқарылыпты.
“Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметке тапсырды. Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанда аса күрделі жағдайларда жүргізілді”, – делінген хабарламада.
Қиранды астында қалған адамдарды табу үшін кинологтар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде қолданылып жатыр екен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген