Қазақстандық клубтар УЕФА-дан миллиард теңгеден астам қаражат алды
Фото: Stan.kz
Қазақстандық футбол клубтары УЕФА-дан бір миллиард теңге көлемінде (шамамен 2 миллион еуро) қомақты төлемдер алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл қаражат елдегі футболды дамытуға бағытталған және еурокубоктарға қатыспаған немесе ерте кезеңде жарыстан шығып қалған клубтар арасында бөлінеді.
2023/24 футбол маусымында қазақстандық клубтар еурокубоктарда жалпы алғанда 9 миллион АҚШ долларына жуық табыс тапты. Бұл көрсеткіш УЕФА турнирлеріне қатысудың қаржылық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-дан 9,6 миллион еуро көлемінде қаражат алған. Оның 5,7 миллионы қазақстандық клубтарға, ал 3,9 миллионы ұлттық құраманың қажеттіліктеріне бөлінген.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"

